
Тайваньда жолаушылар пойызының апатқа ұшырауынан 40 адам қаза тапты, 61 адам жарақат алды. Оқиға шамамен 9:00-де Хуаялянь уезіндегі «Дацин» туннелінде болды. Пойыз 350 жолаушыға арналған сегіз вагоннан құралған. Екінші және үшінші вагондар рельстен шығып кетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, пойыз туннель ішіне кіріп келе жатып, жолдарды тастардан тазартатын техникамен соқтығысқан.