БастыЭкономика

Қазақстан мен Литваның АӨК-дегі экспорттық көлемін салыстырған дұрыс емес – ҚР АШМ

Ирина Смирнова депутаттық сауалында Қазақстан мен Литваның экспорттық мүмкіндіктеріне қатысты қате деректер келтірді және екі елдің бұл саладағы әлеуетін салыстырғаны дұрыс болмады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов

«Біз жыл сайын орта есеппен 20 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар өндіреміз. Ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін ұн өндіруге 10-11 млн тонна астық қажет. Жыл сайын одан қалған 7-8 млн тонна бидайды ғана экспортқа шығара аламыз.

Литваның экспорты орта есеппен 3 млн тоннаны құрайды. Қазақстанның экспорттық нарығы – Орта Азия мен Ауғанстан, ал Литва бүкіл әлемге шығара алатынын айтпай кетуге болмас. Айырмашылығы – Қазақстан «Landlocked country», яғни Литваның мұз қатпайтын Клайпеда портымен салыстырған дұрыс па? Бізде теңізге шығатын жол жоқ. Бірақ біз бәрібір экспорттаушы әлем елдері арасында көшбасшымыз», – деп атап өтті А.Сұлтанов.

Жалпы, Литва жер ресурстарының шектеулілігіне қарамастан бидай өндірісін 3 есе ұлғайтады және Қазақстанды басып озады деп мәлімдеу – өте күмәнді факт, деп есептейді ол.

«Өнімділік – ол басқа мәселе.  Мәселен, орташа деңгейден төмен.

Бізге минералды тыңайтқыштарды қолданып, сапалы тұқым пайдалану мәселесін, заманауи агротехнологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру керек. Біздің де астық егетін өңірлерде агротехнологияларды тиімді пайдаланып,  25-30 ц/га астық жинайтын орташа шаруашылықтар бар», – бар деді спикер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button