БастыӘлем

Құмды дауылдан 6 адам қаза тауып, 81 адам жоғалып кетті

Моңғолияда құмды дауылдан 6 адам қаза тауып, 81 адам жоғалып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметінше, 13 наурыздан 15 наурыз сағат 9:00-ге дейін Моңғолияның тоғыз аймағында 548 шопан құмды дауылдың салдарынан хабар-ошарсыз кеткен.

Олардың 467-сі табылды, бес шопан мен бес жасар бала қаза тапты. Құтқару жұмыстарын жеке құрам ұйымдастыруда. Жоғалып кеткен 81 шопанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button