
Мбаппенің еншісінде Чемпиондар лигасында 25 гол бар. Ол бұл көрсеткішке 22 жас 80 күнде жеткен. Мбаппе турнирде 25 гол соққан ең жас ойыншы атанды.
Бұған дейін 25 гол соққан ең жас ойыншы Лионель Месси (22 жыл және 286 күн) болатын. 25 гол соққан ең жас футболшылар тобына Рауль (23 жыл және 252 күн), Карим Бензема (24 жыл және 99 күн) мен Тьерри Анри (25 жыл және 102 күн) кіреді.