БастыӘлем

Қазақстан мен Грузия арасында тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

16 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды.

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button