БастыДенсаулық

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір біздің мақсатымыз – бортта болған адамдардың барлығын іздеп табу, олармен байланысты болғандарды оқшаулап, бақылауға алу. Қажет іс-шаралар жүріп жатыр», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

«Барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады», – деді Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған болатын. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button