БастыДенсаулық

Бердібек Сапарбаев өңірдің коронавирустың екінші толқынына дайындығы туралы баяндады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайындық шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Оның айтуынша, пандемиямен күресу үшін 11,1 миллиард теңге бағытталған. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарды жабдықтауға 4,7 млрд.теңге бөлініп, 55 жедел жәрдем көлігі, 4 компьютерлік томография, 97 өкпені жасанды желдету аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты, 2 EКMO құрылғысы (экстракорпоральды мембрана оттегі), 100 көпфункционалды және реанимациялық кереуеттер алынған. 4 ауруханада оттегі станциялары орнатылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында шалғай ауылдарға медициналық көмек көрсету үшін республикадан 8 «мобильді емхана» бөлінген.

КВИ-мен күреске қатысқан 4 мыңға жуық медициналық қызметкерге 3,4 миллиард теңге көлемінде сыйақы төленген.

Тараз қаласындағы перинаталдық орталық пен Т.Рысқұлов ауданындағы туберкулезге қарсы диспансердің ғимараттары жөнделіп, 350 орындық инфекциялық ауруханалар болып қайта жабдықталды.

Жалпы облыс бойынша 4 530 орынға арналған төсек қорын, оның ішінде 453 реанимациялық төсек-орын ашу жоспарлануда. Пандемиямен күреске 7 мыңнан астам медицина қызметкері (1413 дәрігер, 2826 медбике, 2826 кіші буын қызметкері) тартылатын болады.

Сонымен қатар, жас мамандардың, медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің арасынан, сондай-ақ С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетімен меморандум аясында 280 дәрігерден тұратын резерв жасақталды.

Бірыңғай дистрибьюторлармен медициналық ұйымдар 11,8 млрд.теңгеге дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген. Тұрақтандыру қорымен коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың 730 млн.теңгеден астам сомаға екі айлық қоры қалыптастырылды.

Өңірде COVID-19-мен ауыратын науқастарға арналған 120 төсектік еліміздегі алғашқы оңалту орталығы ашылды. Орталық 2,1 млрд. теңгеге заманауи медициналық техникалармен және оңалту жабдықтарымен жабдықталған. Барлығы 300-ден астам емделуші оңалту курсынан өтті, оның ішінде 50 медицина қызметкері бар.

Эпидемияға дейінгі кезеңде 350 мыңға жуық адам немесе облыс тұрғындарының 30 пайызы тұмауға қарсы екпемен қамтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button