БастыДенсаулық

Мерзімі өткен ПТР-тестпен келген екі шетел азаматы депортацияланды

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

1 169 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам – ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 762 жолаушы, анықтамамен – 616, анықтамасыз – 146.
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 285 жолаушы, анықтамамен – 234, анықтамасыз – 51;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен – 110, анықтамасыз – 12.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мысырдан ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button