БастыДенсаулық

Семейде иммунды плазманың әлемдік тәжірибеде қолдану туралы вебинар өтті

Семей қалалық қан орталығы Семей медициналық университетімен бірлесе отырып ZOOM платформасы арқылы иммунды плазманың әлемдік тәжірибеде қолданылуы туралы вебинар өткізді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Вебинар шеңберінде дәрігерлерге Шығыс Қазақстан облыстық стационарларында короновирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеуде антиковидті плазмаларды қолдану бойынша қосымша ақпараттар берілді.

– Иммунды плазманы қолдану короновирус инфекциясын емдеудің қосымша әдісі ретінде пайдаланылуы мүмкін және емдеу хаттамасына енгізіледі. Шығыс Қазақстан облысында короновирус инфекциясын емдеу бойынша, соның ішінде иммунды плазманы қолдану бойынша оқыту вебинарлары жүргізілуде ,– дейді Семей қалалық қан орталығының транфсузиологы Айдана Муратова.

Жалпы, мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында пандемия кезеңінде короновирус инфекциясын емдеу және алдын-алу бойынша барлық шаралар қолданылуда. COVID-19 сауықтырушы донорларының тізімдері құрылды және короновирус инфекциясымен ауырған науқастар үшін иммунды антиковид плазмасын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 3267 дозада плазма әзірленді, ол Республикада дайындалған дозаның 60 % құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button