БастыДенсаулық

Түркістан облысында бір тәулікте 2 жарым мыңға жуық адам коронавирусқа тест тапсырған

Соңғы апта ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирустық инфекциямен 22 жағдай тіркеліп, аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 8 жағдайға өскен. Инфекциялық стационарларда 6 науқас Covid-19 инфекциясынан және 28 адам вирусты пневманиядан ем қабылдауда. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Зертханаларда өткен тәулікте 2 233 адам коронавирустық инфекцияға сынама тапсырған. Екеуінен оң нәтиже шықты. Бүгінгі таңға облыста тест қалдығы 76 763-ті құрайды. Жалпы, Түркістан облысында пандемия басталғалы бері COVID-19 індетін жұқтырған 3 461 науқас тіркелген. Жазылып шыққандар саны 3 378.

Індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы үздіксіз жабдықталуда. 8 ауруханада қосымша оттегі станциялары орнатылған. Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 900-ге жеткізіліп, оттегі нүктелерінің саны 2 095 нүктеге дейін арттырылған.
Барлық емдеу мекемелерінде 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры дайын. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күнге 77 автокөлік жеткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button