БастыҚоғам

Б. Сағынтаев Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы айтты

«Алматы» ТА-ның Akimat Live бағдарламасындағы тікелей эфир барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және пандемияның ықтимал жаңа толқынына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Алматыда қазан айының басында КВИ ауруының өскені байқалды. Ағымдағы жылдың 18 қарашадағы ахуалы бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 15 325 оқиғасы тіркелді, оның 9 251-і симптомды, 6074-і симптомсыз. Анықталмаған пневмония – 1099 оқиға. 100 адамға шаққандағы көрсеткіш – 767, 58. Тәулік ішінде КВИ-дің 35 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 оқиға симптомды, 13 симптомсыз, анықталмаған пневмонияның 4 оқиғасы тіркелді. Тәуліктік өсім – 0,2%, репродуктивті саны – 1,15 (17 қарашадағы ахуал бойынша).

Аурудың қабылданған көрсеткіштері бойынша  бүгінгі күні Алматы  «жасыл» және «сары» аймақтар арасында тұр. Қыркүйек айында КВИ ауруының 165 жағдайға дейін максималды төмендеуі (100 мың тұрғынға шаққанда 8,3) тіркелген еді. Ал, қазан айында КВИ ауруы біртіндеп өсіп, 365 оқиғаға жетті, Алматыда ағымдағы жылдың 1 қазанынан 16 қарашасы аралығында КВИ-дің 900 оқиғасы және пневмонияның 189 оқиғасы тіркелді.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев науқастардың 30%-ға жуығының аға буын өкілдері екендігіне алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, КВИ жұқтырған науқастар арасында 40-59 жастағылар – 2 8 (32%) адам, 60 жас пен одан жоғары жастағылар – 240 (27%) адам.

Осыған орай, Б. Сағынтаев қала тұрғындарын егде жастағы жақындарына жанашырлық танытуға шақырды.

«Жастар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамай, адамдар көп шоғырланған жерлерге барып, вирусты үйге әкеледі, ата-аналары мен туыстарына жұқтырады. Сондықтан мен барлығының қырағылық пен сақтық танытуларын сұраймын», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесінде 1 қазаннан 16 қараша аралығында КВИ инфекциясының жұқтыру оқиғасының 53%-ы қоғамдық орындарда болғандығы анықталды, олар: сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, базарлар және қоғамдық көліктер. Үйдегі науқаспен, симптомсыз жұқтырушы, жастармен байланыста болғандардың 23% -ы КВИ инфекциясын жұқтырған. Жұмыста КВИ науқасымен байланыста болғандардың 17%-ы инфекция жұқтырған. 4%-КВИ-ді шетелден әкелгендер.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс.

Б.Сағынтаев КВИ пандемиясының ықтимал екінші толқынына дайындық туралы айта келіп, Алматыда ковидтік госпитальдерде резервтік орындардың құрылғанын еске салды. Қуаттылығы 7226 төсек-орын болатын 32 ковидтік стационар әзірленді, оның 250-і жансақтау орындары.

Соңғы айлар ішінде екі жаңа емхана салынды – 500 төсек-орынды инфекциялық госпиталь; 300 төсек-орынды жаңа модульді стационар.

АМСК жұмысы күшейтілді. 74 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Телемедицина орталығы құрылды. Қауіпті топтағы науқастармен телемедицина орталығының жетекші мамандары жұмыс істейді.

Фармпрепараттар және медициналық заттарының 10 млрд теңгені құрайтын тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорның аясында 2021 жылдың ақпанына дейін қажетті 68 атаулы дәрі-дәрмек қоры жасалған.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев КВИ ахуалының нашарлауына қаланың дайын екенін, бірақ азаматтардың өздері жеке жауапкершілік танытып, белгіленген карантиндік ережелерді сақтаулары тиіс екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button