БастыДенсаулық

Маңғыстауда I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 57 науқас жатыр

Маңғыстауда 4 қарашадағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 57 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 57 науқастың ішінде 8-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. Оның 4-ның жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Біреуі тыныс алу аппаратына қосылған.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.

Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 27 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.

Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button