БастыДенсаулық

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда

Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақ және бес жүк көлігімен Индия, Ресей, Украинадан қажетті дәрілер Шымкентке  жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтерме қоймаларына арнайы барып, дәрілік заттарды жеткізу және дәрілік қордың жеткілікті екеніне көз жеткізді.



Аталған екі фармкомпания қорында 273 мың флакон левофлоксацин ерітіндісі, 200 мыңға жуық қорап аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі, 130 мың қорап аналгин мен димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды медикаменттің 8 түрі келген.

Сонымен қатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде «Химфарм» дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button