ГлавнаяСпорт
Боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Танымал боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Казинформ хабарлады.
