ГлавнаяОбщество
Теміртаулықтар аязда жылусыз қалды: Әкім тұрғындардан кешірім сұрады
Теміртау тұрғындары аязда жылусыз қалды. Мұның себебі қаланы жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жөндеу деп аталды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов тұрғындар алдында кешірім сұрады. Мамандар екі қазандықты сағат 11.00-де және 13.00-де қосуға уәде берді.


