ГлавнаяОбщество
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 428 290 мың отбасы алды
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау аясында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осылайша, 430,7 мың адам жалпы сомасы 52,3 млрд. теңгеге бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны алды.


