
Маңғыстау облысында 23 қазанда сағат 00:00-ден бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы 21 қазанда облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты, де хабарлайды Kaznovosti.kz
Өңірдің коммуникация орталығы таратқан мәліметке сәйкес, енді Маңғыстаудағы сауда үйлеріне, сауда ойын-сауық орталықтарына және жабық базарларға сенбі күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда, жексенбі күні жұмыс істемейді.
Сондай-ақ, спорт залдарына қашықтықты сақтап, бетперде режимін ұстанып толымдылығы 30% – дан аспайтын адаммен өз қызметін жандандыруға рұқсат берілді.
Бұдан бөлек, осы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады. Ол жұмыс күндері (1-5 күндері) сағат 22:00 ге дейін, сенбі күні 17:00 – ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Ал, жексенбі күні жұмысын тоқтатады.
Маңғыстауда әлі де балабақшалар (кезекші топтардан бөлек) бильярд, компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері мен банкет залдары және түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынған.



