БастыСаясат

Британ Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық тобы бес жылдығын атап өтуде

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі британ Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық тобы құрылуының 5-жылдығына арналған онлайн іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді британ парламенттік топ мүшелеріне бейнеформатта алғысөзін жолдады. Ол Қазақстан мен Құрама Корольдік арасындағы екіжақты парламентаралық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Британдық заң шығарушылар пандемия аяқталғаннан кейін Қазақстанға сапармен келуге шақырылды.

«Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Ұлыбритания әрқашан еліміздің маңызды серіктестерінің бірі болды. Соңғы онжылдықтар бойы екіжақты қарым-қатынастарымыз ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша қарқынды дамып келе жатыр, ал парламенттік дипломатия әрқашан да сол ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі болып келеді», – деп атап өтті Министр.

Жалпыпартиялық парламенттік топтың төрағасы, Консервативті партиядан Қауымдар палатасының депутаты Боб Стюарт екіжақты парламенттік байланыстардың одан әрі табысты дамуына сенім білдіріп, елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда жүзеге асырылып жатқан ілгерілемелі реформаларды атап өтті.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов топ құрамының кеңеюін қанағаттанарлықпен атап өтті. Бүгінгі таңда топ құрамына британ парламентінің екі палатасының және түрлі партиялардың өкілдері болып табылатын 17 депутат кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button