Басты

Блокпостағы жол апаты: Экс-полицей 10 жылға сотталды

Блокпоста болған жол апатында екі адамның өмірін қиған Азат Азаматов 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Қарасай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовты ҚР ҚК 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Еске салсақ, 25 мамырда таңертең BMW жүргізушісі Алматы облысының №4 блокпостын соғып кеткен болатын. Жол апатынан полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықанов қайтыс болды. Сондай-ақ, үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым жарақат алып, ауруханадан жазылып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Азат Азаматовтың өз кінәсін толық мойындаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button