БастыЭкономика

Қарағанды облысында 2 300-ден астам ШОБ жобасы қолдау тапты

Қарағанды облысында биыл 2 300-ден астам бизнес-жоба қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» секілді барлық мемлекеттік бағдарламалар белсенді жұмыс істеуде. ТЖ кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жеңілдетілген несие берудің жаңа бағдарламасы бойынша 25 млрд теңгеге 111 несие берілді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлік жөніндегі комиссия отырысында пандемия кезінде мемлекет бизнеске қалай көмектесетіні және қандай проблемалар бар екендігі талқыланды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Zoom платформасы арқылы онлайн бизнес-қауымдастықпен кездесті.

– Биыл барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2 500 кәсіпкер қаржылай, 2 200-ден астам кәсіпкер қаржылай емес қолдау ала алады. Бұл шамамен 8000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бүгінде жалпы инвестиция сомасы 55,9 млрд теңге болатын 2 369 жоба қаржыландырылды. «Бастау Бизнес» және «Бизнес кеңесші» курстарында 2 372 адам оқытудан өтті, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Бизнестің жол картасы бойынша 9 айда 147 жоба субсидияланды. 109 кәсіпкерге кепілдік берілді. Алты жоба бойынша өндірістік инфрақұрылым мақұлданды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 107 жоба қаржыландырылды. «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 4,4 млрд теңгеге 1 100-ден астам шағын несие берілді. Облыста ісін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлер үшін гранттар саны артты – қолдаудың бұл түріне республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінді.

ТЖ кезінде 30 мыңнан астам ШОБ субъектілері салық жеңілдіктері мен төлемдер бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін алды.

Жеңіс Қасымбек мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті.

– Өндірісті жүктеу үшін жергілікті өндірушілерге барынша назар аудару керек. Барлық облыстық басқармалар сатып алу бойынша конкурстық науқанды мүмкіндігінше ертерек – бюджет бекітілгеннен кейін бірден бастауы тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button