Бастыпроисшествие

Атырау облысында бес тәулік бойы жанған қамыс өрті сөндірілді

2020 жылғы 15 қазанда сағат 18.58-де Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді. Өрттің көлемі анықталуда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті жоюға Атырау облысы ТЖД-ның 49 қызметкері, 7 техникасы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезеңінде тікұшақ 87 тонна көлемінде 29 рет су шашты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда күндіз Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде Каспий теңізі жағалауының батпақты жерінде қамыс өртенді. Жану ошақтары анықталғаннан кейін дереу күштер мен құралдар жіберілді. 5 күн бойы өрт сөндірушілер желдің күшеюіне, сондай-ақ батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуіне байланысты қиын жағдайларда отпен күресті. Техниканың өту қиындығына байланысты өртті сөндіруге құтқару авиациясы пайдаланылды және аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button