Басты

Шығыс Қазақстанда егін өнімдерін жинау жалғасуда

Күз бастала салып, диқандар еңбектерінің жемісін жинауды бастады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Өңір әкімдігінің мәліметінше, ШҚО-да жаздық бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, масақ қоспасы, жүгері, тары, бұршақ, бақша дақылдары, күздік рапс 100% жиналған.

Өңірдің кейбір аймақтарындағы ауа-райының қолайсыздығы жұмысқа өз кедергілерін келтіріп жатыр. Десе де, диқандар жауын-шашынға қарамастан жұмыстарын жалғастырып жатыр. Көкөніс өнімділігі гекторына – 282,7 ц, бақша дақылдары – 328,6 центнерді құрады. Атап айтқанда, майлы дақылдар 26,3%, көктемгі рапс – 54%, соя 73,6%, күнбағыс – 24%, мақсары-86,4%, қыша 71,1%, зығыр 13%, картоп 98% жиналды.

Аймақ агроқұрылымдары егін жинау жұмыстарын оңтайлы жүргізуге көмектесетін материалдық-техникалық құралдармен және басқа да материалдық ресурстармен қамтылған. Облыстағы шаруашылықтар мен элеваторларында 90 кептіргіш пен астық жинайтын 3248 комбайн бар. Астықты сақтау және астық кептіру қондырғыларымен жабдықталған лицензиясы бар 8 элеватор жұмыс істейді.

Сондай-ақ, облыс шаруаларына Энергетика министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты егін жинау кезінде тұқымдарды кептіру үшін қосымша 7 мың тонна дизель отынын бөлгенін атап өткен жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button