Басты

Елімізде соңғы бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

Қазақстанда өткен апта ішінде 3363 қылмыс жасалған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз Facebook парақшасында өткен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы онлайн брифингте айтты.

«Бір апта ішінде 3363 қылмыс жасалса, оның 2185-і бір тәулік ішінде ашылған. 15 кісі өлтіру фактісі тіркелді, оның 7 жағдайында қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіріліп, салдарынан жәбірленуші қайтыс болды», – деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, ауыр қылмыстардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық салаға қатысты болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button