БастыСпорт

ҚХЛ: «Барыстың» алдағы үш ойынына кімдер қатысады

Елордалық «Барыстың» бапкерлер штабы команданың құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық клуб Ресейде қатарынан үш кездесу өткізеді. Алдымен 12 қазанда Уфаның «Салават Юлаев» (сағат 17.30) клубымен кездеседі. Одан кейін 14 қазанда Мәскеуде «Спартакпен» (сағат 22.30) мұзайдынға шықса, 16 қазанда Қазанның «Ак Барс» (сағат 22.30) клубымен шеберлік байқасады. Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Барыс» бапкерлері сол ойындарда төмендегі хоккейшілерге сенім білдіріп отыр.

Қақпашылар: Денис Каратаев, Сергей Кудрявцев, Йони Ортио.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Тамирлан Гайтамиров, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Виктор Сведберг, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэтт Фрэттин, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Бүгінге дейін «Барыс» тоғыз кездесу өткізді. Оның үшеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Алдағы үш ойыннан кейін «Барыс» елордада 21 қазанда Финляндияның «Йокерит» клубымен айдынға шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button