Басты

Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен COVID-19 екінші толқынына дайындық және мобильді топтар жұмысы талқыланды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 екінші толқынына дайындық туралы тапсырмасы аясында елордада карантин шараларының сақталуына мониторинг және бақылау жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрық берілді. Ережелерді жиі бұзатын нысандар ойын-сауық мекемелері, қоғамдық тамақтану ұйымдары – кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар болып отыр.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтар жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

«Сонымен қатар, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мен дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауаптылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР тестілеу қажет», – деді Б.Макен.

Маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданылады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button