Басты

Әскери теңізшілер Каспий теңізі бойынша жиын-жорық жасады

«Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында еліміздің әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы бойынша жиын-жорық жасады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экипаждар әскери кемелер мақсатына сәйкес тапсырмаларды шешетін жүзу аймағын зерттеді.

Теңізшілер корабльдік жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтады. Сонымен қатар, әуе және су үсті нысаналарына оқ жаудырды.

«Мұндай жорықтар жеке құрамға тәжірибелік және теориялық дағдыларды игеруге, кемелер экипаждарының теңіз машығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті жиын-жорықтың жетекшісі, Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.

Оның айтуынша, кемелер экипаждары қойылған міндеттерді толық көлемде орындады. Науқан алдында кемелерді мұқият тексеріліп дайындалған. Бұған дейін Қазақстан ӘТК кемелері ағымдағы жылдың маусым айында жиын-жорыққа шыққан болатын.

Жалпы биылғы оқу жылында, қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Қазақстанның Әскери-теңіз күштері теңізге 27 рет шығып, 6200-ден астам теңіз милін жүріп өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button