Басты

Алматыда экопост орнатыла бастады

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская экология саласында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Ауаға мониторинг жүргізу үшін қаланың әртүрлі нүктелерінде 10 автоматтандырылған бекет орнатылды. Қала тұрғындарын ауа сапасы туралы ақпараттандырып тұратын 49 LED экран іске қосылды. Ақпарат күніне үш рет жаңартылады. Олар 26 арнайы датчиктен түседі. Қосымша тағы 10 мониторинг станциясын қосу жоспарланған (деректерде ауа жағдайының алты негізгі көрсеткіші бар)», – дейді ол

Сонымен қатар, ол дизель мен бензинді отын ретінде пайдаланатын коммуналдық техниканы сатып алуға тыйым салынғанын атап өтті.

«Экопост орнату процедурасы басталды. Мен бұған дейін қаланың периметрі бойынша автомобильдерден шығатын газды өлшейтін бірнеше экологиялық пост қойылатынын айтқанмын, сонымен бірге қаланың кіреберісінде ауа сапасын анықтайтын арнайы құрылғы іске қосылады», – дейді Наталья Ливинская.

Басқа жаңалықтар

Back to top button