БастыСаясат

Сыртқы істер министрінің орынбасары румын әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

Румын тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Румыния Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дануц Себастьян Некулаескумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең ауқымын талқылап, саяси байланыстарды жандандыруға, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.

Пандемия кезінде екіжақты қарым-қатынасқа серпіліс беру қажеттігіне тоқтала келе, тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 15-отырысын өткізу маңыздылығын атап өтті. Отырыс барысында көлік, логистика, фармацевтика, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылымдық даму, туризм, білім салаларындағы өзара тиімді жобаларды іске асыру келешегін талқылау жоспарлануда.

Тараптар тығыз байланыс пен өзара іс-қимылды үзбеуге уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button