Басты

Президент: Бидайдың жоғары түсіміне қол жеткізген азаматтар мемлекеттік наградаларға лайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мәселесін жедел шешуді жүктеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

«Бүгінгі таңда бидай жинау жұмысы толығымен аяқталуға жақын қалды. 20 млн тоннаға жуық бидай жиылып алынды. Бұл – өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 34 пайызға жоғары. Мен осынау жетістікке орай ауылдағы еңбекқор егіншілердің бәрін құттықтадым. Ауылдағы ағайын, сонымен қатар осынау жетістікке қол жеткізген азаматтар әкімшілік органдар тарапынан көтермелеуге, оның ішінде мемлекеттік наградаларға лайық деп есептеймін», – деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.

Президент ендігі кезекте жиналып алынған бидайдың сақталуын қамтамасыз етіп, фермерлерге оны шетелге сатуға көмектесу керектігін жеткізді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мәселесін жедел шешуі керек», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button