Басты

Шымкент: 15 қазанда жолайрықтың құрлысы басталады

Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын.

Солардың бірі – Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.
Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда.

Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШС
Авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС
Техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» ЖШС

Басқа жаңалықтар

Back to top button