БастыЭкономика

Қазақстанда 24 көтерме-тарату орталығы салынады

Қазақстанда 24 көтерме-тарату орталығы салынып, 5 мың жұмыс орыны құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Ұлттық тауар тарату жүйесінің ұсынылып отырған моделі жеке қаржылық бастама арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары бойынша құрылады. Желіні құру аясында 24 көтерме-тарату орталығын салу ұсынылып отыр. Тауар өткізу жүйесінің инфрақұрылымы 2,1 млн тоннадан астам тауарларды қабылдауға, сақтауға қайта тиеуді және 5 мың адамға жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді», – деді министр.

Министрдің айтуынша, көтерме-тарату орталығының номенклатурасы 20 мыңнан астам өнім атауын құрайды.

Ұсынылып отырған нысаналарды құру 3 кезеңге жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде 7 нысан бойынша, оның ішінде 4 сақтау және 3 тарату орталығын биылдың аяғына дейін, екінші кезеңде тағы 7 нысан бойынша 2021 жылғы көктемге дейін, үшінші кезеңде – 10 нысан туралы 2021 жылғы күзге дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттарын жасасу ұсынылды.

«Қазіргі кезде 7 нысанның құрылысы бойынша жобаның бірінші кезеңін іске асыру үшін жеке қаржылық бастама нысанында жеке инвесторлардың консорциумының атынан өтінім келіп түсті. Бұл консорциумге агроөнеркәсіптік тауарларының өндірушілері және сауда жүйесіндегі тұлғалары кіреді. Аталған объектілер Павлодар облысының Мичурин ауылы және Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысы Шу қаласында, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында орналасатын болады», – деп нақтылады ведомство басшысы.

Оның айтуынша, көтерме-тарату орталықтарының инфрақұрылымы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның сауда-тарату жүйелерімен интеграциялануға мүмкіндік береді.

Бұл тауарларды өзара жеткізуді және олардың Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердің аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Иран, Пәкістан, Үндістан және Ауғанстан нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экспорттық әлеует шамамен 1,4 млн тонна өнімді құрайды.

«Ұлттық тауар өткізу жүйесінің ауқымдылығын және оны қысқа

мерзімде іске асыру қажеттілігін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға салалық қорытындылар мен келісулерді дайындауда көмек көрсетуді тапсыруды сұраймын»,- деді Б. Сұлтанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button