Басты

Экология министрі: Президент жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды

4 қазанда Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні аталып өтеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жануарларлардың адам алдында қаншалықты қорғансыз екенін еске салды.

«Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз. Жағдайды өзгерту үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрлігіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырды»,- деді министр.

Министр адамгершілік сезімін қалыптастырудың аса маңызды екенін жеткізді.

«Әрине, заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімлерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету керек»,- дейді М. Мырзағалиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні Қазақстанда 2009 жылдан бері аталып өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button