Басты

Шымкент: Орман тұқымбағында жинау және тазалау жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-нің орман тұқымбағында ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасын табуда.
Бүгінде талшын ағашының (каштан) тұқымдарын жинау және тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды  Kaznovosti.kz

Сондай-ақ, 8.2 га орман тұқымбағына емен ағашының тұқымдарын себу және тұқымбақ аумағын жайластыру, суғару жұмыстары басталды. Бүгінге дейін 300 кг емен жаңғағы тұқымы жиналған болатын.

Орманшылардың айтуынша, қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button