БастыҚоғам

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына барды

«Крендель» ЖШС цехтарында  Павлордар облысының басшысына нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі таныстырылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Компания басшысы Зинаида Пархоменко шикізатты, соның ішінде қантты жиі шетелден сатып алуға мәжбүр екенін айтты. Бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпорында білікті кадрлар жетіспейді. Сондықтан «Крендель» ЖШС-де әр маманды ұстап қалуға тырысады – бүгінде мұнда 500-ден астам адам еңбек етеді.

– Сіз өз өндірісіңізді шағын үй-жайдан бастап, 25 жыл ішінде елеулі ауқымға дейін өсіргеніңізді білемін. «Крендельді» тек Павлодар облысында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде және жақын шетелде де біледі. Сіздің өндірісіңіздің шикізатына келетін болсақ, біз сізді қажетті шикізат базасымен қамтамасыз ету үшін міндетті түрде инвесторлар іздейтін боламыз ,- деді Әбілқайыр Сқақов компания өкілдеріне.

«Сүт» АҚ базасында облыс әкіміне кәсіпорынның жеткіліксіз жүктелімі туралы айтылды. Бүгінде зауытта 31 шаруа қожалығынан 120-130 тоннаға дейін сүт қабылданады, бұл оның қуатының 65% – ына жуығын құрайды. Өңір басшысының айтуынша, бұл мәселені облыста салынып жатқан заманауи сүт-тауар фермалары шешуі тиіс.

– Бүгінде бізде бес жаңа сүт – тауар фермасы салынуда, тағы да төрт кәсіпорын өз қуаттылығын арттыруда.  Бұдан басқа, біз таяудағы бірнеше жылда суармалы егіншілік алаңдарын ұлғайтуға бағдар алдық, бұл жемшөп базасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осы шаралар есебінен біздің өңдеу кәсіпорындарымызды шикізатпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Біз оларды барынша жүктеу үшін жағдай жасауымыз қажет, – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Осы жылдың тамыз айында «Сүт» ЖШС өнімін Ресейге жеткізе бастады. Екі айда кәсіпорын көрші елге 200 тоннаға жуық өнім экспорттады.

«Жаңа Роса» ЖШС облыс әкімімен кәсіпорынды дамыту жоспарларымен бөлісті. Бұл жерде соңғы уақытта сұранысқа ие алкогольсіз сусындар шығару көлемін ұлғайтуға ниетті.

– Егер өткен жылы өндіріске салынған инвестиция сомасы 250 миллион теңгені құраса, биыл 450 миллион теңгеге жуық қаржы салынды. Біз квас пен лимонад өндірісінің көлемін ұлғайттық. 5 литрлік бөтелкедегі суды, сондай-ақ сутегі суын шығаруды жоспарлап отырмыз, – деп хабарлады «Жаңа Роса» ЖШС құрылтайшысы Фуат Сатыбаев.

«Рубиком» ЖШС-де өңір басшысына ет өңдеу ісінің қыр-сыры туралы айтылды. Бүгінгі таңда компания сапаны бақылаудың заманауи жүйелерін қолданады және ет-шұжық өнімдерін өндіру үшін тек тексерілген ингредиенттерді пайдаланады.

– Бүгін біз сонымен қатар вакуумдық орамдағы шұжық өнімдерін шығарамыз. 15 жыл бұрын, дәл осындай өнімді Еуропа дүкендерінен көріп, бізде бұл үшін ешкім ақша төлемейді деп ойладық. Бірақ біртіндеп нарық қалыптасып, сатып алушы қаптамадағы ет өнімдерін ала бастады, – деді «Рубиком» ЖШС құрылтайшысы Вячеслав Руф.

Әбілқайыр Сқақов Ленин кентіндегі бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. №31 мектепте әкімге екі жыл бұрын оқу орнының қазандығын дизель отынынан биологиялық отынға – пішен, сабан және күнжараға ауыстырғанын айтты. Осының арқасында жылу жүйесін пайдалану қауіпсіздігі мәселесін алып тастауға және шикізат сатып алуда бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік туды.

Өңір басшысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияда медициналық мекеменің аумағын кеңейту қажеттігін атап өтті. Әбілқайыр Сқақов ОДА-да диагностика кабинеттерін ашу нұсқасын қарастыруды тапсырды.

– Ленин кентінің халқы шамамен 11 мың адамды құрайды – бұл біздің кейбір аудан орталықтарындағыдан көп. Аудан орталықтарында емханалар мен ауруханалар, ал Ленин кентінде №3 Павлодар емханасының құрамына кіретін амбулатория жұмыс істейді. Бұл жеткіліксіз. Медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ОДА-ның қуатын арттыру қажет. Мұнда кем дегенде УДЗ, флюорография және басқа рентген-зерттеулер жүргізу қажет, – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Сондай-ақ облыс әкімі Ленин кентінде жөнделген жолдардың сапасын тексерді. Биыл кентте жалпы ұзындығы 20 шақырымнан асатын 22 көшеге асфальт төселді. Бүгінде мұнда 24 шақырым қара жол бар.

Өңір басшысы келесі жылы осы көшелердің бір бөлігін жөндеуді жоспарлап, оларды міндетті түрде жарықтандырумен айналысуды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button