
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті ашық отырысы өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Отырыста Қоғам қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Осылайша, Директорлар кеңесінің шешімімен үш мәміле мақұлданды:
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Баян Сұлу» АҚ арасында 1,59 млрд теңге сомаға қарыздарды ерікті сақтандыру шартына қосымша келісім жасасу;
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Құйма өндірісі» ЖШС арасында 1 млрд теңге сомасына қарыздарды ерікті сақтандыру шартын жасасу;
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС («Астана Моторс» еншілес кәсіпорны) арасында 6,9 млрд теңгеге жуық сомаға қарыздарды ерікті сақтандыру шартын жасасу.
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

