БастыҚоғам

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өкілдерінің «Астана жастары» еріктілерімен кездесуі өтті

Жобалық кеңсе қызметкерлері мен орталықтың волонтерлеріне бағдарламаның жаңа арнайы жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өкілдерінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлерімен кездесуі өтті.

Жобалық кеңсенің жетекшісі Ақерке Жұманбаева орталық қызметкерлері мен еріктілерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа арнайы жобаларымен таныстырды. Атап айтқанда, «Үнем- қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек- елдің мұраты» және «Құқықтық мәдениет» жобаларының мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.

«Кездесудің басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жастар арасында насихаттау және түсіндіру. Жеке қасиеттерді жетілдірудің арқасында ғана біз ұлттық кодты сақтай аламыз және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырта аламыз», – деді Ақерке Жұманбаева.

Жастар Волонтерлер жылы аясында бірқатар іс-шаралар ұсынып, жүйелі жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Барлығы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бес жүзге жуық еріктілері елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін мәдени, экологиялық, әлеуметтік шаралардың барлық түрлерін ұйымдастыруға қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button