
Amazon компаниясының негізін қалаушы және әлемнің ең бай адамы Джефф Безос миллиардтаған климаттық қордың құрылғанын және гранттарды бөлу басталғанын мәлім етті. Бұл туралы ол Instagram-да жариялады.
Безостың айтуынша, климаттың өзгеруіне қарсы күреске $10 миллиард бөледі. Оның экологиялық қоры Bezos Earth Fund деп аталады және жазда гранттарды бөле бастайды.
«Біз Жерді құтқара аламыз», – деп атап өтті Amazon басшысы.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/alemnin-en-bay-adamy-klimattyn-ozgeruine-karsy-kureske-10-mlrd-dollar-bermek_a3615769