Қоғам

Әлемнің ең бай адамы климаттың өзгеруіне қарсы күреске 10 млрд доллар бермек

Amazon компаниясының негізін қалаушы және әлемнің ең бай адамы Джефф Безос миллиардтаған климаттық қордың құрылғанын және гранттарды бөлу басталғанын мәлім етті. Бұл туралы ол Instagram-да жариялады.

Безостың айтуынша, климаттың өзгеруіне қарсы күреске $10 миллиард бөледі. Оның экологиялық қоры Bezos Earth Fund деп аталады және жазда гранттарды бөле бастайды.

«Біз Жерді құтқара аламыз», – деп атап өтті Amazon басшысы.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/alemnin-en-bay-adamy-klimattyn-ozgeruine-karsy-kureske-10-mlrd-dollar-bermek_a3615769

Басқа жаңалықтар

Back to top button