Басты

Шымкент: Әйтеке би, Шевченко және тағы бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқалды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы – 700 метр, ені 4 метр. Тұрлан шағынауданындағы Әйтеке би көшесіне орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары толығымен орындалды. Жауапты мердігер мекеме «Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і екі көшені де өз мерзімінде тапсырды.

Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і жүргізген бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілді. Метрологический, Шевченко көшесінде (көшенің ұзындығы 930 метр, ені 5 метр), Аманжолов өткелінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button