БастыСаясат

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «Казцинк» ЖШС басшылығымен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Казцинк» ЖШС Бас директоры Александр Хмелевпен кездесті, деп хабарлайды Kaznovost.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Александр Хмелев компанияның қазіргі қызметі және минералдық-шикізат базасы туралы баяндады. Қазір жұмыс істеп жатқан кендер бойынша «Казцинк» компаниялар тобы 2019 жылы 14,9 млн. тонна кен өндірді. Негізгі өнім өндірісі: мырыш —308,8 мың тонна, қорғасын —131,7 мың тонна, мыс— 65 мың тонна, алтын — 29,9 мың тонна, күміс—703,9 тоннаны құрады.

2020 жылы компанияның бөлімшелері бойынша 139 млрд теңге инвестиция салу жоспарланып отыр. Білікті мамандардың кетуін болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, 10 мың АҚШ доллары сомасында жыл сайынғы сыйақы және кәсіпорын қызметкерлері балаларының оқуын қаржыландыру қарастырылған.

Кездесу қорытындысында «Казцинк» ЖШС басшылығы Министрлікке жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдірді.

Анықтама: «Казцинк» ЖШС – мыс, құнды металлдар және қорғасынның ілеспелі өндірісінің үлкен үлесімен мырыш өндіретін ірі интеграцияланған кәсіпорын. Компания кәсіпорындары Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасқан. «Казцинк» кен өндіруден бастап одан металл алғанға дейін қайта өңдейтін, өндірісті инфрақұрылыммен, көлікпен, ресурстармен қолдап, қамтамасыз ететін қосалқы бөлімшелерге дейінгі түсті металлдар өндірісінің толық циклын қамтитын сапа менеджементі, қоршаған орта, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесін құрып, сертификаттаған.

Компания маңызды жобаларға қаражат инвестициялап, қалалардың әлеуметтік дамуына қатысады. Сондай-ақ Қазақстандағы сандық өндірістің көшбасшыларының бірі болу үшін озық технологияларды белсенді енгізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button