Басты

ҚР ИИДМ мен Қазақ автомобиль-жол институты арасында ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде Л. Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ мен Автомобиль жолдары комитетінің арасында «Өзара түсіністік туралы» меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның автомобиль жолдары саласында біліктілігі жоғары мамандардың тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бүгінгі таңда Министрлік аталмыш мәселені шешу мақсатында белсенді жұмыстарды жүргізуде.

Осы ретте Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов пен Қазақ автомобиль-жол институты ректорының бірінші орынбасары Гүлсім Еспаева өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес тараптар болашақта автомобиль жолдары саласында қызмет ететін біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін бірігетін болады.

Атап айтқанда, Комитет өкілдері бейінді жоғары оқу орнының студенттері үшін дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөліседі. Бұдан бөлек, ғылыми зерттеулер, білім және көліктік-коммуникациялық кешен құрылысы саласындағы мәселелерге арналған конференциялар мен семинарлар өткізілмек. Сонымен қатар, ИИДМ АЖК студенттер, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуіне жағдай жасайтын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button