Басты
Шымкент: Абай ауданында күзгі санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте күз маусымында көп қабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалау, қураған жапырақтар мен ағаш бұталарын, басқа да қоқыстарды жинау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Абай ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында, жеке секторларда күзгі санитарлық тазалау жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.
Шаһардың абаттанып, шырайланғаны бәріміз үшін маңызды. Абай ауданы әкімдігі тұрғындарды тазалық сақтауға үлес қосуға шақырады.
