БастыСаясат

Қазақстан Дохада өткен ауғанаралық келіссөздерді құптайды

Қазақстан үстіміздегі жылдың 12 қыркүйегінде Катар астанасы Дохада өткен ауғанаралық келіссөздерді құптайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев аталған іс-шараға бейнеконференция форматында қатысты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауғандықтардың өздері» және «ауғандықтар үшін» қағидаттарына негізделген және әлемдік қоғамдастық қолдайтын бейбіт үдерісі Ауғанстан Үкіметі мен бүкіл ауған халқының мүдделеріне сай келетін «Талибан» қозғалысы арасындағы келісіммен аяқталды деп үміттенеміз.

Қазақстан бұдан әрі де достас ауған халқына егемен және дамыған мемлекет құруға барынша жәрдем көрсететін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button