Басты

Атырау облысында бірқатар шектеу алынды

Атырау облысында да карантиндік шаралар 28 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Дегенмен, бірқатар шектеу алынып тасталды. Мысалы, демалыс күндері мейрамханалар мен дәмханалардың, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметіне рұқсат берілді. Сондай-ақ сенбі-жексенбі күндері фитнес орталықтары мен бассейндер, моншалар мен сауналар жұмысын жалғастыра алады. Діни нысандар да ашық болады. Қоғамдық көліктер де жұмыс істейді.

Бірақ демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар жабық болады. Оқу орталықтарының қызметіне де уақытша тыйым салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button