БастыҚоғам

Аида Балаева Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, министр Аида Балаева мен Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері және бірқатар негізгі мемлекеттік органдардың басшылары арасында кездесу өтті.

Аида Ғалымқызы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын іске асыру жөніндегі министрлік қызметінің басым бағыттары туралы айтып, жұртшылық Мемлекет басшысының Жолдауын оң қабылдағанын жеткізді.

«Жолдауды түсіндіру және талқылау көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен жүргізілді. Он күн ішінде бүкіл елде Жолдауға арналған көптеген кездесулер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мыңнан астам материал жарияланды», – деді Аида Балаева.

Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасын қабылдады, ол жаңа экономикалық курстың 7 негізгі қағидаттарына негізделген. Жоба 10 негізгі бағыт бойынша 143 іс-шараны қамтыды.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекет пен қоғам өміріндегі бірнеше стратегиялық маңызды бағыттарды бақылайтынын ескере отырып, біз 3 бағыт бойынша 8 іс-шараны жүзеге асыруға қатысамыз», – деді А. Балаева.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметіндегі басымдық – мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесу формаларын дамыту, қоғамдық бақылау және мемлекет қабылдаған шешімдерді бақылау бойынша жұмыс. Онлайн петициялар институтын құруға және ақпаратқа қол жетімділік туралы Заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

«Қоғамдық кеңестер туралы заң 2015 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-қадамын іске асыру аясында қабылданды. Жалпы, Кеңестердің енгізілуі «есеп беретін мемлекетті» қалыптастыру процесіне оң әсер етті. Қоғамдық кеңестер нақты қоғамдық институт және кезектен тыс диалог алаңы ретінде өтті. Бүгінгі күні 234 қоғамдық кеңестің қызметіне түрлі саланың 3,5 мыңнан астам мамандары қатысуда. Қоғамдық кеңестердің жұмысы барысында қоғамдық бақылаудың мүмкіндіктері кеңейтілді», – деп түсіндірді Аида Балаева.

Сонымен бірге, құқықтық қолдану практикасын талдау, Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан, қоғамдық кеңестер институтын одан әрі жетілдіру мен олардың  тиімділігін арттыру қажеттілігін көрсетті.

Министр ҮЕҰ, халықаралық және қазақстандық сарапшылардың, қоғамдық кеңес мүшелерінің, ҰКПК мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Заң-жобасы Тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алдын-ала құрамы жасақталғанын айтып, резерв өкілдерін болашақ Заң жобасын талқылауға шақырды.

Аида Балаеваның айтуынша, министрлік Заңнамаға ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен қоғамдық талқыдағы онлайн-петициялар институтын құруды енгізу бойынша өз жұмысын жалғастырады.

«Бұл институтты Қазақстанда іске қосу үшін онлайн-петициялар алаңын әзірлеу қажет. Ең бастысы, тиісті нормативтік-құқықтық база керек. Осыған байланысты,  қазіргі уақытта біз Заңнамаға түзетулер енгізуді әзірлеудеміз. Алдымен, мемлекеттік органның өтініш беру, модерациялау және қарау тәртібін нақты реттеу қажет; кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау деңгейі бойынша шекті санын анықтап, өтініштерді қарау барысында республикалық немесе аймақтық деңгейге бөлу», – деп атап өтті министр.

Кездесуді қорытындылай келе, Аида Ғалымқызы Президенттің «қоғамның негізгі қасиеттері: білім, еңбексүйгіштік, кәсібилік, тәртіп пен жауапкершілік болған жағдайда ғана ұлттың жетістікке жетуі мүмкін» деген сөзін тағы бір еске салды.

«Жас ұрпақ, Сіздер – үлгі болуыңыз керек!», – деп түйіндеді Аида Балаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button