БастыСаясат

Қытай Сыртқы істер министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, түрлі салалардағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz  СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздері өтті.

Келіссөздер барысында тараптар аса жоғары және жоғары деңгейдегі бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділігін растап, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар «Нұрлы жол» ҰЭБ және «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен қатар, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» сияқты халықаралық ұйымдар, форумдар және диалогтық алаңдар аясында өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ 2020 жылдың соңына дейін бейнеконференцбайланыс режимінде бірқатар маңызды екіжақты іс-шараларды өткізуге келісті.

Келіссөздер нәтижелері бойынша Министрлер Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігінің негізгі мәселелері бойынша бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button