БастыҚоғам

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес бір топ Ассамблея мүшесі мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов табыстады.

– Осы жылды біз бірқатар айтулы мерекені атап өтудеміз. Биылғы жылы Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуымен қатар, конституциялық орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына да 25 жыл толып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған тиімді қоғамдық институт болып отыр. Бүгінгі Ассамблея – миллиондаған қазақстандықты ортақ мақсатқа жұмылдырған, асқақ арманға жетелеген, бір мүддеге тоғыстырған алып күш. Осы орайда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтамын, – деді қала әкімі.

Марапатталғандар қатарында этномәдени орталықтардың төрағалары бар.

Айта кету керек, бүгінде қаладағы 1миллион 38 мыңнан астам тұрғын бар болса, оның 67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Сондай-ақ, 17 этномәдени бірлестік жұмыс жасауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button