Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
«Алматының 285 мың оқушысы үшін жаңа оқу жылы басталды. Соның ішінде 30 мыңы бірінші сыныпқа аяқ басты. Білім жолында оқуға ынта мен құлшыныс артып, мұғалімдерге құрмет көрсетілсін. Оқуда табыс тілеймін! Білім күні құтты болсын», деп жазды Алматы әкімі.
Алматының 285 мың оқушысы үшін жаңа оқу жылы басталды. Соның ішінде 30 мыңы бірінші сыныпқа аяқ басты. Білім жолында оқуға ынта мен құлшыныс артып, мұғалімдерге құрмет көрсетілсін. Оқуда табыс тілеймін! Білім күні құтты болсын!
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) September 1, 2020