Басты

Түркістанға Ресейден және Германиядан гуманитарлық көмек келді

Бүгін Түркістан облысына  Германия елінен және  Ресейдің  Санкт-Петербург қаласынан  гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Соның ішінде өңірге Германия елінен  30 дана «Paracetamol», 4 дана “АSS-1A pharma», 6 дана «Ibuprofen», 4 дана «Acc Akut», 4 дана «Nac Al Akut»,  3 дана «Ass Ratiopharm»,  10 дана «Nac Akut», 1 дана «IbuHexal» дәрілік заттары мен «Vogt Medical Vertrieb Gmbh»   атты неміс компаниясынан бірқатар  гигиеналық заттар және  Санкт-Петербург қаласынан  қауіпті індетке қарсы  300 дана «Цефтриаксон», 58 дана «Азитромицин»,  6 дана «Дексаметазон-виал»  дәрілік заттар  гуманитарлық көмек ретінде келді.

Осыған орай, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері  аталмыш гуманитарлық көмектің облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық орналастырылуын бақылап, келіп жеткен барлық медициналық көмекке «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қою арқылы гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Қос елден келген медициналық заттар жақын күндері Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті  «Адалдық алаңының» менеджерлері толық тасымалдануын жіті  бақылайтын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button