БастыСпорт

Ақтоты Райымқұлова Сейілда Байшақовты мерейтойымен құттықтады

Бүгін Алматыда Т.Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол клубының жасөспірімдер академиясында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова атақты футболшы, елімізге белгілі спорт қайраткері, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақовты туған күнімен құттықтап, «Парасат» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Министр Сейілда Икрамұлын құттықтай келе, қазақ футболын дамытуға зор үлес қосып келе жатқанын айтты.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! 70 жасты қазақта қазынаға балайды. Бала мен немеренің қызығына кенеліп, өзіңізді үлгі еткен ұрпаққа ақыл айтып, өнеге көрсететін, ақыл мен парасаттың парқын түсінетін керемет жасқа толып жатырсыз.  XX ғасырдың үздік футболшысы атандыңыз. Аты аңызға айналған Алматының «Қайрат» командасының сапында 300-ге жуық ойын өткізіп, қазақ және КСРО футболының тарихында есіміңіз алтын әріптермен жазылып қалды. Әр жылдары еліміздің футбол саласында басшылық қызметте болып, балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына ықпал еттіңіз. Сіздің отандық спорттың, оның ішінде футболдың дамуына сіңірген еңбегіңіз сүбелі. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, -деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Еске сала кетейік, Сейілда Байшақов «Қайрат» командасының жейдесінде 300-ге жуық матч өткізіп, қазақ және КСРО футбол тарихындағы белгілі ойыншылардың бірі.

Спорттық карьерасын аяқтаған соң əр жылдары «Қайрат» футбол клубының бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы шағын футбол ассоциациясының президенті, Қазақстан футбол одағы төрешілер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button